Манас Рамазанов Денсаулық сақтау вице-министрі болды
АСТАНА.KAZINFORM -Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Манас Ембергенұлы Рамазанов денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Д.А.Қонаев университетін, Т Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
1984–2006 жылдары Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында еңбек етіп, кіші ғылыми қызметкерден шұғыл хирургия бөлімшесінің меңгерушісіне дейінгі кәсіби жолдан өтті.
2006-2007 жылдары – Емдеу және сақтандыру жұмысының Департаменті хирургиялық көмегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы.
2007-2008 жылдары – «А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» – Ғылыми-клиникалық жұмысы бойынша директордың орынбасары.
2008-2013 жылдары – Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары.
2013-2014 жылдары – ҚР ДСМ Алматы қаласындағы Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті Департаментінің басшысы.
2014-2018 жылдары – Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері.
2018 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды.
Айта кетейік, Мирас Төлебаев Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды.