Манчжурияда (Қытай) мұз бен қар фестивалі ашылды

АСТАНА.  Желтоқсанның   22-сі. ҚазАқпарат - Цельций  бағамы  бойынша минус 20 градус шамасындағы   аяз -   бүгін    Қытайдың Манчжурия /Маньчжоули/  қаласында  ашылатын   XI   қытай-ресей-моңғол    Мұз және қар   фестивалі  үшін  ең лайықты  ауа райы,  деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
None
None

Қытайдың  солтүстігіндегі Ішкі  Моңғолия  автономиялық     өлкесінде  орналасқан    және  300 мыңға жуық тұрғыны бар  қала көшелері     мұз  және қардан жасалған     үлкен-үлкен   мүсіндермен   безендірілген.   Олардың  негізгі  тақырыптары -   орыс,  қытай  және  моңғол  фольклоры,  тарихи  кейіпкерлер.     Әзіл-қалжыңға  арналған    композициялар да жоқ  емес.    Мысалы,    «Бастысы - қауіпсіздік» деген жазу  жазылған  шамадан  тыс  жүк   тиелген   жеңіл автокөліктің   мұз  мүсіні.

Жаңа жылға және  Рождествоға   орайластырылған  бұл   мерекеге Ресейдің   Забайкал  өлкесінен, Бурятия Республикасынан     делегациялар      қатысуда. Бүгін кешке   қала көшелерімен  карнавалдық шеру өтеді, фольклорлық концерт болады.

Соңғы жаңалықтар