Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турниріне елімізден кімдер қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – 19 қыркүйекте Бейжіңде (Қытай) мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталады.

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турниріне елімізден кімдер қатысады
Фото: ҰОК

Аталмыш турнир барысында 2026 жылғы Олимпиадаға берілетін соңғы жолдамалар сарапқа салынады.

Отандастарымыз екі бағдарламада сынға түседі.

Ерлер арасындағы жекелей сайыста Диас Жиренбаев жолдамаға таласады. Сондай-ақ қосалқы құрамда Никита Кривошеев, Олег Мельников пен Артур Смағұлов бар.

Ал мұздағы биде Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова өнер көрсетеді.

Айта кетсек, жекелей жарыста Олимпиада жолдамасын үздік 5 спортшы иеленсе, мұздағы биде 4 жұп жолдама алады.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу кезеңіне қатысатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар