«Мәңгілік ел» барлығымызды біріктіретін негізгі рухани күш - депутат К. Бұрханов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның әрбір азаматы адамның ұлтына, дініне қарамай, бірлікте өмір сүруді негізгі қағидат ретінде ұстануы маңызды. Бұл туралы бүгін Астанадағы «Мәңгілік ел - болашағы біртұтас ел» атты республикалық патриоттық форумының алдында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов мәлім етті.
«Бүгінгі форумның негізгі тақырыбы «Мәңгілік ел» төңірегінде. Осы шараның маңыздылығын ескеріп, барша республикамыздан азаматтар жиналды, әсіресе, бұл жерде жастар көп. Қазақстанның әрбір азаматы адамның ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамай, бірлікте өмір сүруді негізгі қағидат ретінде ұстануы маңызды»,-деп тоқталды депутат.
Осы орайда Қазақстан халқы тағдыры мен болашағы бір екенін жете түсінуі тиіс екенін атап өтті.
«Сондықтан да «Мәңгілік ел» барлығымызды біріктіретін негізгі рухани күш. Осы орайда осы тақырыпта форумдар, талқылаулар жүріп жатқаны өте дұрыс және осы бағытта жұмыс істеуіміз керек»,-деп түйді
Айта кетейік, форумға қатысуға барлық өңірлерден шамамен 2 мыңнан астам делегат келді. Олар өз ісінің үздік мамандары - дәрігерлер, әскерилер, өнеркәсіп жұмысшылары, ғалымдар, жас көшбасшылар, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, спортшылар, талантты актерлер, мәдениет майталмандары. Патриоттар форумы 2007 жылдан бері жылдың айтулы шаралары аясында еліміздің түрлі қалаларында өткізіледі.