Маңғыстау даласында сирек кездесетін cоғды қызғалдағы гүлдеді
АҚТАУ. KAZINFORM — Блогер Абай Жанысбаев Instagram парақшасында Маңғыстау даласының гүлденген сәтін түсірген видеосын жариялады.

Жарқыраған көктемгі түстер мен көркем пейзаждар қолданушылардың назарын аударып, өңір табиғатының сұлулығына тәнті етті.
Видеода Көкала қорық-жайылымының көркем көріністері бейнеленген. Кадрлардан даланың көгеріп, пейзажға ашық көктемгі реңк бергені байқалады.

Соғды қызғалдағы (Tulipa sogdiana) – сирек кездесетін ерекше өсімдіктердің бірі. Биіктігі 10-25 см-ге жететін көпжылдық гүл наурыз-сәуір айларында гүлдейді. Қызылқұм, Қарақұм, Маңғыстау өңірлерінің құмды, кейде сазды немесе тасты шөлдерінде өседі. Бұл сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктердің қатарына жатады және Қызыл кітапқа енгізілген.
Соғды қызғалдағы Қазақстанның қызыл кітабына енген қызғалдақтың бірі. Құмды, сазды шөлде өседі.
Айтқандай, бұл қызғалдақтарды жұлуға болмайды!
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда бәйшешек гүлдегенін жазған болатынбыз.