Қытайда 25-ші қабаттан құлаған қыз аман қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың солтүстігінде тоғыз жасар қыз 25-ші қабаттан құлап, аман қалды. Оған сүйектері сынған деген диагноз қойылды, деп хабарлайды South China Morning Post. 

 Қытайда 25-ші қабаттан құлаған қыз аман қалды
Фото: scmp.com/Douyin

Оқиға 27 наурызда Хэбэй провинциясының Таншан қаласында қыз өз бөлмесінде жалғыз қалған кезде болған, деп хабарлайды Beijing News.

Анасының айтуынша, қыз терезені ашпақ болған. Алайда құрылым берік емес болып шығып, салдарынан ол 18 қабат төмен орналасқан алаңға құлап кетті.

Әкесі қызын кешкі асқа шақыруға барғанда оны таппай, терезеден қарағанда ешкімді көрмеген.

Отбасы қыздың қайда екенін тұрғын үй кешенінің басқарушысынан білген: ол баланың жетінші қабатта жатқанын хабарлады.

Құлаған соң қыз бірнеше қадам басып жүрді – әкесінің оны жоғарыдан байқамауына осы себеп болды.

Таншандағы барлық ауруханалар оны қабылдаудан бас тартқандықтан, ата-анасы қызды шұғыл түрде 200 шақырым жердегі Бейжіңге алып кетті.

Оған қолының, қасүйсті доғасы және кеуде омыртқасының сынуы диагнозы қойылды. Миы жарақаттанған жоқ.

Қыз балаға бірнеше ота жасалып, 10 күннен кейін ауруханадан шығарылды.

Бұған дейін Қызылорда облысында көктем басталғалы 3 бала терезеден құлап кеткенін жазған болатынбыз.

 Қытайда 25-ші қабаттан құлаған қыз аман қалды
Фото: м

 

 

Соңғы жаңалықтар