Маңғыстау облысында инватакси қызметінен заңбұзушылық анықталды

АСТАНА.KAZINFORM - Маңғыстау облысының прокуратурасы инватакси қызметтерін көрсету кезінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Количество инватакси увеличили в Астане
Фото: Астана әкімдігі

Облыс прокуратурасымен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталу заңдылығына талдау жүргізілді.

Талдаумен, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысымен қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын өрескел бұзу фактісі анықталды.

Атап айтқанда, Бөліммен инватакси көлігінің қызметі үшін артық сағаттарды есептей отырып, қызмет көрсетушіге негізсіз ақы төлеген.

Мемлекетке келтірілген 5,3 млн тг залалды қайтару шаралары қабылданды.

Прокуратураның актісімен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімі негізінде Бөлім басшысы қызметке толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Айта кетейік, инватакси қызметін алу талаптары жаңартылуы мүмкін.

Былтыр мүгедектігі бар жандар инватакси қызметіне 490 мыңға жуық тапсырыс берді.