Маңғыстауда 100 мыңнан астам тұрғын баспана жеңілдігінен айырылған

АСТАНА. KAZINFORM – Прокуратураның араласуымен азаматтардың құқығы қалпына келтірілді.

баспана
Коллаж: Kazinform / Freepik

Маңғыстау прокуратурасы нормативтік құқықтық актілердің мониторингі шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарының құқығына нұқсан келтіретін бұзушылықтарды анықтады.

Облыстық мәслихаттың 25.10.2019ж. №31/368 шешімімен тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізбесі бекітілді. Бұл жеңілдіктер азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде бастапқы жарна немесе тұрғын үй құнын ішінара төлеу кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуге арналған.

Өткен жылы тұрғын үй жәрдемақысын беруді реттейтін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, алушылардың санаттарының саны 2-ден 12-ге дейін кеңейтілгені анықталды. Облыстық мәслихаттың шешіміне тиісті өзгерістердің енгізілмеуінің нәтижесінде 100 мыңнан астам азамат (оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары)көзделген тұрғын үй жеңілдіктерін пайдалану мүмкіндігінен айырылды.

Прокурордың наразылығымен қала және аудан мәслихаттарының шешімі қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекеттік қолдауды қажет ететін азаматтардың құқығы қалпына келтірілді.

Айта кетейік, тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,1% азайды.

Соңғы жаңалықтар