Маңғыстауда 165 жұмыскерге жалақыны уақытылы төлемеген кәсіпорын жауапқа тартылды
АСТАНА.KAZINFORM - Қарақия ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.
Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес жалақы айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленуге тиіс. Талдау барысында «Тұрмыс-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 165 жұмыскерге жалақыны уақытылы төлемегені анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жұмыскерлердің бұзылған құқығы қалпына келтіріліп, оларға жалпы сомасы 29 млн теңге көлеміндегі жалақы берешегі толық өтелді.
Сонымен қатар еңбек заңнамасында белгіленген мерзімде жалақыны төлемегені үшін кәсіпорын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылып, әкімшілік айыппұл салынды. Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Айта кетейік, Қазақстанда ең төменгі жалақыны арттыру мәселесі қаралады.
Медицина мамандарының жалақысын өсіруге 33 миллиард теңге бөлінді.