Маңғыстауда 250 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр

АҚТАУ. KAZINFORM – Аймақта 250 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр. Соның 85-і Ақтау қаласында орналасқан. Шаһарда барлығы – 162 574 дауыс беруші бар. Ақтаулық үшем Жанарыс, Бекарыс, Ақарыс қоғамдық маңызды шараға атсалысып, дауыс беруге бірге келген. Әскери қызметшілер №48 референдум учаскесінде таңдауларын жасады. 

Маңғыстауда 250 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр
Фото: Қоғамдық коммуникация орталығынан

– Осындай әрбір науқанды құр жібермейміз, міндетті түрде қатысып, дауыс береміз. Біздің жасаған таңдауымыз, берген дауысымыз еліміздің болашағы үшін маңызды, - дейді үшем.

Үшем
Фото: Қоғамдық коммуникация орталығынан
Үшем
Фото: Қоғамдық коммуникация орталығынан

Ал, Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы бір әулеттің абысынды келіндері бірге келіп, дауыс берді. «Абысын – ажын» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпазы Бекмағұловтар әулетінің 9 келіні маңызды шешім қабылданар күнді мерекеге балап, өз қолдарымен тіккен ұлттық киімдерін киіп келген. 

Маңғыстау
Фото: Қоғамдық коммуникация орталығынан

– Бәріміз бір ауыздан келуді шештік. «Абысын тату болса ас көп» деген дана халқымыздың қағидасын ұстана отырып, келіндеріме бірге баруға ұсыныс тастадым, олар мені қолдады. Әрқайсымыз бейбіт те берекелі еліміздің келешегі үшін, ұрпағымыздың ертеңгі байқуатты өмірі үшін жауапкершілік танытып, дауыс бердік, - дейді келіндердің үлкені Жаңылхан Еменова.

таңдауын жасады
Фото: Қоғамдық коммуникация орталығынан

Маңғыстау ауданы Қызан ауылындағы №180 референдум учаскесінде Әлем кубогының иегері, ҚР чемпионатының чемпионы, кикбоксингтен спорт шебері Сайынов Жұбатқан да өз таңдауын жасады.

– Әркімнің даусы маңызды екенін ескеріп,өз таңдауымды жасадым, - деді жас спортшы. 

Бұған дейін, Жаңаөзен қаласында референдумның қалай өтіп жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар