Маңғыстауда алимент төлемей жүрген 100-ден астам адам жауапқа тартылды

АҚТАУ. KAZINFORM – Биылғы бірінші тоқсанда Маңғыстау облысында алимент төлеуден қасақана жалтарған 104 борышкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

суд приговор арест наказание уголовное дело
Фото: freepik.com

Олардың ішінде 22 адам қылмыстық, 82 адам әкімшілік жауапқа тартылды (барлық фактілер бойынша сот актілері бар).

Жауапқа тартылғандардың арасында алимент төлеуден жалтару мақсатында ұзақ уақыт бойы әдейі жұмысқа орналаспай, сондай-ақ табыстары мен жұмыс орнын жасырған тұлғалар бар.

-Жүргізілген жұмыс нәтижесінде прокуратура органдары 53 млн теңге көлемінде алимент өндіріп, 366 кәмелетке толмаған адамның құқықтары қорғалды. Аталған бағыттағы жұмыс жүргізіле береді, -делінген хабарламада.

Осыған дейін Қостанайда прокуратура білім қызметкерлерінің 5 млн теңге қосымша төлем алуына ықпал еткені туралы жаздық.