Маңғыстауда екі жеткіншектен эхинококкоз ауруы анықталды

бала
Фото: Freepik

АҚТАУ. KAZINFORM – Жыл басынан бері облыста эхинококкоздың жеті жағдайы тіркелді. Науқастардың екеуі – бала. Бұл туралы өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Гүлнар Үркінбаева мәлімдеді. Былтыр осы кезеңмен салыстырғанда, биыл аурудың көрсеткіші 9 жағдайға төмендеген. 

«2023 жылы 16 адам ауырды. Биыл төмендеу бар. Жаңаөзен қаласы мен Түпқараған ауданында 14 жасқа дейінгі екі бала ауырып қалды. Мұнайлы қаласында ең көп көрсеткіш 4 науқас анықталды», - деді өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлнар Үркінбаева.

Эхинококкоз ауруы ішкі органдардың зақымдануы яғни, эхинококк кисталарының пайда болуы. Ол көбінесе жануарлардан, әсіресе иттер мен мысықтардан жұғады.

Эхинококкоздың алғашқы белгілері – әлсіздік, бас ауруы. Теріде қызыл дақтар түрінде ұсақ бөртпелер пайда болып, дене температурасы жоғарылайды.

Соңғы жаңалықтар