Маңғыстауда экологиялық талаптарды бұзған компанияға 474 млн теңге айыппұл салынды

АСТАНА. KAZINFORM — Маңғыстауда бұрғылау жұмыстары кезінде экологиялық заң бұзу анықталды. 

Маңғыстауда экологиялық талаптарды бұзған компанияға 474 млн теңге айыппұл салынды
Фото: Pexels

Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың елеулі бұзуды анықтады.

Атап айтқанда, «Buzachi Operating Ltd» компаниясының филиалы бұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында қауіпті қалдықтарды жинақтау лимитін айтарлықтай арттырған (бұрғылау қалдықтарының көлемі 513,2 тоннаға артық болған).

Прокуратура актісінің негізінде аталған компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 474 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетелік Алматыда ауаны ластаған автопарктер 13 млн теңге айыппұл төлеген еді