Әлемдік азық-түлік жеткізіліміне қауіп төніп тұр — БҰҰ

АСТАНА. KAZINFORM — БҰҰ Таяу Шығыстағы қақтығыстардан кейін Суданға гуманитарлық көмек көрсету тоқтатылуы мүмкін деп ескертеді. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ агенттігі жазды.

Әлемдік азық-түлік жеткізіліміне қауіп төніп тұр — БҰҰ
Фото: АЗЕРТАДЖ

Халықаралық теңіз ұйымы Ормуз бұғазында кемеге тағы бір шабуыл жасалғанын хабарлады. Соңғы нысана толық тиелген Кувейт мұнай танкері болды. Шабуыл Дубай жағалауында орналасқан танкер бортында өртке ұласты.

ОСы жағдай, а байланысты экипаж қауіпсіз, қоршаған ортаны ластау қаупі жоқ, деп хабарланды.

Қазіргі уақытта бұғаз аймағында кемелерге 19 шабуыл жасалғаны расталды.

Халықаралық теңіз ұйымы (ХТҰ) шамамен 2000 кемедегі 20 мың теңізшінің бұғаздда қалып қойғанына алаңдаушылық білдіріп отыр. 

Ұйым өкілі Дамьен Шевалье мұндайды бұрын-соңды болмаған жағдай деп атады. Оның айтуынша, бұл екінші дүниежүзілік соғыстан бері байқалмаған.

Соғыс басталғалы бері гуманитарлық ұйымдар жағдайы мүшкіл елдердегі халықтың ең осал топтары үшін дағдарыстың салдары туралы ескертті. Бүгін БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) бұл қорқыныш Судан, Оңтүстік Судан және Сомалиде шындыққа айналғанын растады.

Бұл аймақтардағы гуманитарлық операциялар жеткізілімнің кешігуі мен шығындардың күрт өсуіне байланысты құлдырау шегіне жетті. Көмек қажет елдерге арналған шамамен 70 мың тонна азық-түлік соғыс әрекеттеріне байланысты блокталған, тауарлар қазіргі уақытта порттардан шыға алмай тұр.

Мысалы, бұрын Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Иран арқылы транзитпен Ауғанстандағы 17 миллион мұқтажға көмек жеткізетін. Қазір агенттік жүктерді Дубайдан Сауд Арабиясы арқылы автокөлікпен бағыттауға мәжбүр.

Көпжылдық қаржы тапшылығы жағдайды ушықтырды.

— Біздің резервтік қорларымыз толығымен таусылды. Біз бір күнмен өмір сүріп жатырмыз, — деді Женевадағы журналистерге ҰҚЖ өкілі Корин Флейшер.

Айта кетейік, қақтығыс басталғаннан бері Ливаннан Сирия шекарасын 200 мыңнан астам адам кесіп өткен. Олардың көпшілігі Бейрут пен елдің басқа аймақтарындағы жарылыстардан қашып келеді.