Маңғыстауда Қазақстан есімді 2 тұрғын бар

АҚТАУ. KAZINFORM — Оның бірі — Жүзбаев Қазақстан Нұрымұлы 1957 жылы Шебір ауылында туып өскен. Есімін атасы қойған.

Маңғыстауда Қазақстан есімді 2 тұрғын бар
Фото: Қазақстан Төребаевтың жеке архивінен

— Менің есімімді өзімнің атам қойған. Мен дүниеге келгенде ауылда бір кісі баласының есімін Маңғыстау деп қойған екен. Соны естіген атам «мен онда Қазақстан деп қоямын» деп маған осы есімді беріпті. Атымды естіген жұрт таңырқап, қайта сұрап жатады, — дейді Қазақстан Жүзбаев. 

Қазақстан Жүзбаев
Фото: Қазақстан Жүзбаевтың жеке архивінен

Қазақстан Жүзбаев биыл — 68 жаста. Зейнеткерлікке шыққанша мал шаруашылығымен айналысып, өндірісте жұмыс істеген. 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде ұрпағының қызығын көріп, бақытты ғұмыр кешіп жатыр.

Жүзбаевтар әулеті
Фото: Қазақстан Жүзбаевтың жеке архивінен
Қазақстан Жүзбаев
Фото: Қазақстан Жүзбаевтың жеке архивінен

Ал, екінші тұрғын — Төребаев Қазақстан Тұрымұлы Жаңаөзен қаласында тұрады. 59 жаста. Есімінің өзіндік тарихы бар.

— Әке-шешем балалары тұрмай, бірінен соң бірі шетіней берген соң, 1961 жылы Түрікменстаннан Қазақстанға қоныс аударған. Сол кезде ауылдағы бір үлкен қария «Қазақстанға көшсеңіз, балаға сол елдің атауын қойыңдар» депті. Содан көп ұзамай мен дүниеге келдім. Анам есімімді Қазақстан деп қойды. Шүкір, 8 бауым бар. Өзімнен кейінгі інімнің есімі — Маңғыстау, — дейді Қазақстан Төребаев.

 

Қазақстан Төребаев
Фото: Қазақстан Төребаевтың жеке архивінен
Қазақстан Төребаев
Фото: Қазақстан Төребаевтың жеке архивінен

Қазақстан Төребаев бүгінде 6 бала тәрбиелеп отырған ардақты әке. 

Бұған дейін, Ақтаулық жас шахматшы әлем чемпионы атанғаны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар