Маңғыстауда полиция департаментіне жүргізілген тексерудің нәтижесі белгілі болды

АҚТАУ. KAZINFORM — Бұған дейін ведомство бастығы мен оның орынбасарлары ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталған анонимді ұжымдық хат таралған болатын. Соған байланысты тексеру жүргізілді. 

Маңғыстауда полиция департаментіне жүргізілген тексерудің нәтижесі белгілі болды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комиссиясы жүргізген тексеру қорытындысы бойынша айыптардың ешқайсысы расталмаған. Айта кетейік, анонимді ұжымдық хатта 15 пункт бойынша айып тағылған.

Осы мәселе бойынша комиссия мүшелері Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Бердіғали Берекетов, Киікбай Ешман, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов және жергілікті қажылар қауымдастығының төрағасы Әбдірахман Қуанышбек мәлімдеме жасап, анонимді хатта айтылғандардың барлығы жала жабу екенін айтты.

Бұған дейін, Маңғыстау полициясының бастығы туралы фейк ақпарат тарады.

Маңғыстау полициясын тексеруге арнайы комиссия келді.

Соңғы жаңалықтар