Маңғыстауда Президенттің тапсырмасымен құрылған ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті

Маңғыстаудағы ғылыми кеңес
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

АҚТАУ. KAZINFORM – Ғылыми кеңес - өңірдің өзекті мәселелерін ғылыми негіздеме мен тұжырымдамаға сүйене отырып шешу мақсатында, облыс әкімдігі жанынан құрылған. Кеңес отырысына өңірдің ғылыми қауымдастық өкілдері мен ірі өндірістік кәсіпорындардың басшылары қатысты.

- Ғылымсыз, ғалымдарсыз көп қателікке ұрынған жағдайлар болды. Бұл туралы Президентіміз де әрдайым айтып жүр. Каспий теңізі жағасында орналасқан өңірімізде балық шаруашылығы әлі жолға қойылмай тұр. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, ауыз су мәселелері өкінішке орай, әлі шешілген жоқ. Міне, осындай бірнеше бағытты таңдап алып, Маңғыстау ғалымдарымен шектеліп қалмай, бюджеттен қаражат бөліп, халықаралық ғылыми тәжірибесі бар шетелдік ғалымдармен байланыса отырып, өлкеміздегі өзекті мәселелерді шешуге жұмыстануымыз қажет, - деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстаудағы ғылыми кеңес
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

- Аймақ басшысы ғалымдардың шешімдері өңірдің тұрақты дамуына қандай септігін тигізе алады деген үлкен мәселе қойды. Біз ғылыми кеңестің әр отырысында белгілі бір тақырыпты алып, оған өңірлік, ұлттық, халықаралық деңгейдегі ғылыми орталықтардың мамандарын тартып, өзіміздің нақты ұсыныстарымызды береміз, - Yessenov университетінің Президенті Берік Ахметов.

Жиын барасында Yessenov университеті, Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» арасында Каспий теңізі аквашаруашылығы ғылыми-қолданбалы орталығын ашу бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Маңғыстаудағы ғылыми кеңес
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Сондай-ақ, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай университет аумағында салынып жатқан «Yessеnov Technopark», «Жастар паркі», «Трибуналы стадион» және Теңіз академиясының жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты.

 

Соңғы жаңалықтар