Маңғыстауда республикалық маңызы бар жолдың 70 шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар «Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

а
Фото: ҚазАвтоЖол

Жөндеу жұмыстары автожолдың 91-161 шақырым аралығында жүргізіліп жатыр.

Жобаға 22 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 38 маман жұмылдырылған.

– Биыл 36 шақырымда жону жұмыстары жүргізілді, 875 текше метр аумақта жол төсеміндегі ақаулар жойылды. Сонымен қатар 35 шақырымда ірі түйіршікті асфальтбетоннан төменгі қабат төселді, – делінген хабарламада.

Орташа жөндеу жұмыстары жол сапасын жақсартуға, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен тұрғындардың жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Қарағанды облысында республикалық маңызы бар жолдың 32 шақырымы жөнделіп жатыр.