Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Маңғыстауда теміржол қызметкері жұмыс орнында көз жұмды

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облысында теміржол қызметкері жұмыс орнында көз жұмды. Оқиғаға байланысты мемлекеттік еңбек инспекциясы тергеп-тексеру жұмысын бастады.

у
Фото: pexels.com

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 5 шілде күні шамамен сағат 09:10-да Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты №13 разъезде болған.

Разъезд бастығы жұмыс орнында кезекші қызметкерінің денесін тапқан. Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері шақырылған. Дәрігерлер 1983 жылы туған ер адамның қайтыс болғанын растаған.

- Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті тергеп-тексеру жұмысын жүргізіп жатыр,- деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қостанайдағы кәсіпорында жұмысшы әйел қолынан айырылғанын жазған едік.