Маңғыстауда теміржолға шығып кеткен көлік жүргізушісі қаза тапты

Маңғыстау облысының Шетпе ауылында Toyota Camry көлігі теміржол рельстеріне шығып кеткен. Автокөліктің 42 жастағы жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Кazinform.

теміржол
Фото: 112_aktau

Шетпе ауылындағы теміржол бойында болған жол-көлік оқиғасы туралы шақырту 102 кезекші пультіне 4 желтоқсан күні сағат 04:50 шамасында түскен.

«Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау ауданы Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», — деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 112 — Ақтау — Актау (@112_aktau)

Соңғы жаңалықтар