Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Маңғыстауда жыл басынан бері 18 мыңға жуық нәресте дүниеге келді

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 17 389 нәресте жарық дүние есігін ашты. Соның ішінде облыстық «Ана мен бала» орталығында 7 543 бала дүниеге келді, бұл көрсеткіш облыс бойынша 42,8%-ды құрайды, деп хабарлайды Kazinform.

Нәресте
Фото: pixabay.com.

2023 жылдың 10 айында Маңғыстау облысы бойынша аналардың физиологиялық, асқынусыз босану көрсеткіші 18%-ды құрайды. Ал, облыс бойынша 2023 жылдың 10 айында тіркелген критикалық жағдайларда болған аналар саны — 77. Жыл басынан бері Маңғыстау облысы бойынша 177 егіз, 3 үшем дүние есігін ашты. 

Орталықта мерзімінен бұрын туған нәрестелер саны — 1 763. Оның ішінде дене салмағы 1 келіге дейін — 55 нәресте, 1.5 келіге дейін –65 нәресте дүниеге келді. 

— Жалпы былтырмен салыстырғанда бала саны өскен. Өзге өңірлермен салыстырғанда Маңғыстау облысы алдыңғы қатарда келе жатыр. Бірақ, денсаулығы төмен науқас балалар да дүниеге келді. Тірі туғандардың ішінен 229 (қатаң есептегі - 53) бала туа біткен немесе көптеген ақауы бар және 15 бала хромосомалық аурумен дүниеге келді, — деді Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығының директоры Жапырақ Епенова.