Маңғыстаудағы итбалықтар неден қырылғаны белгілі болды

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары Түпқараған ауданындағы итбалықтардың жаппай қырылған жерін тексерді. Зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің сарапшылары 13 мамыр күні оқиға орнына барып, теңіз суынан сынама алған. 

Маңғыстаудағы итбалықтар неден қырылғаны белгілі болды
Фото: Данияр Әкімжанов

— Талдау нәтижесі бойынша су құрамынан ластаушы заттар анықталған жоқ, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 10-11 мамыр күндері Түпқараған ауданындағы Баутино ауылының жағалауынан 37 өлі итбалықтың денесі табылған болатын. 

Бұған қоса мамандар Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылының маңындағы Каспий теңізі жағалауынан да сынамалар алып, судың таза екенін анықтаған.

Бұған дейін, Каспий жағалауынан 300-ге жуық итбалықтың өлексесі табылған болатын

АШМ Каспий жағалауында итбалықтар мен аққулардың қырылу себебін атады.