Маңғыстаудағы маңызды жолдың 70 шақырымы жаңартылып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар «Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автомобиль жолының 91-161 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

а
Фото: ҚазАвтоЖол

Жобаны іске асыруға 22 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 38 маман жұмылдырылған.

Биылғы құрылыс маусымында 26,5 шақырым жолда жону жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 875 текше метр көлемінде жол төсеміндегі ақаулар жойылған.

«Жоба аясында жолдың сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қазіргі уақытта 26,1 шақырым учаскеде ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасынан төменгі қабат төселді. Барлық жұмыстар бекітілген өндірістік кестеге сәйкес орындалып жатыр», – деп хабарлады ҚазАвтоЖолдан.

Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жолдың пайдалану мерзімі ұзарып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі жақсарады.

Айта кетейік, бұған дейін Жетібай – Жаңаөзен тасжолының 114 шақырымында жөндеу жүріп жатқаны хабарланды.