Маңғыстаудың туристік әлеуеті мен өзекті мәселелері - «Таза қала» бағдарламасында

АСТАНА. KAZINFORM – Jibek Joly телеарнасы «Таза қала» бағдарламасының кезекті шығарылымы Маңғыстау өңіріне арналды.

в
Фото: Видеодан алынған скрин

Бағдарламада өңірдегі жол сапасы, инфрақұрылым, жағажайлар мен тарихи орындардың жағдайы, тазалық мәдениеті және туризм саласының дамуы жан-жақты қарастырылды.

– Түсірілім тобы Маңғыстаудың көрікті жерлерін аралап, жергілікті тұрғындар мен сала мамандарының пікірін тыңдады. Өңірдің туристік әлеуеті мен бүгінгі ахуалы көрермен назарына шынайы форматта ұсынылады, – делінген хабарламада.

Бағдарламада Маңғыстаудың табиғи және тарихи нысандары, оларды сақтау, туристер үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері де қамтылады.

Айта кетейік, Маңғыстауға саяхат қанша тұратынын мынау сілтеме арқылы оқи аласыз.