Маңғыстаулық дәрігер бас сүйегі сынып, миы жаншылған баланы аман алып қалды

АҚТАУ. KAZINFORM — Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында 7 жасар баланың басына темір құбыр құлап, ауыр жарақат алған, Салдарынан бүлдіршіннің бас сүйегі сынып, миы жаншылып қалған. 

Маңғыстаулық дәрігер бас сүйегі сынып, миы жаншылған баланы аман алып қалды
Фото: Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Науқас жедел-жәрдеммен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер балада ауыр ашық бас-ми жарақатын, оң жақ төбе сүйегінің бас сүйек негізіне өтетін жаншылған көпжарықшақты сынуын, мидың жаншылуын, пневмоцефалияны, ликвореяны, мидың ауыр дәрежедегі ісінуін анықтады.

Маңғыстаулық дәрігер бас сүйегі сынып, миы жаншылған баланы аман алып қалды
Фото: Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Нейрохирург дәрігер Ербол Кенжеваловтың жетекшілігімен шұғыл операция жасалды. Ота барысында бас сүйегіне трепанация жүргізіліп, жаншылған сүйек фрагменттері алынып, қатты ми қабығына пластика жасалған. Күрделі операция 21:40–та басталып, 00:10–да сәтті аяқталған.

— Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. Бүлдіршін есін жиып, өздігінен тамақтанып жатыр. Әке-анасын таниды. Жағдайы тұрақты бақылауда, — дейді нейрохирург дәрігер Ербол Кенжевалов.

Бұған дейін, Каспий жағалауынан 300-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды.