Маңғыстаулық экологтер өлген аққуларға қатысты зерттеу нәтижелерін жариялады
АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары өлген аққуларға қатысты зерттеу қорытындысын жариялады. Экологтер өлекселер табылған аумақтан су сынамаларын алып, зертханалық талдау жұмыстарын жүргізген болатын.
- Маңғыстау облыстық экология департаментінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мамандары биылғы 25 наурызда Түпқараған ауданының Сайын -Шапағатов ауылындағы жағалау учаскесінде 11 аққудың өлексесі табылуына байланысты су сынамаларын алды. Алынған сынамалар бойынша зертханалық сараптама жүргізілді. Талдау нәтижесіне сәйкес, суда ластаушы заттар анықталған жоқ, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін, Ақтау қаласына жақын орналасқан Сайын Шапағатов аулының жағалауынан өлі аққулар табылғанын жазған болатынбыз
Маңғыстауда бұған дейін де аққулар қырылған еді.