Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Маңғыстау барыстары» «Қазақстан барысына» жолдама алды

АҚТАУ. 22 маусым. ҚазАқпарат. -   Ақтауда ҚР Президенті жүлдесіне арналған «Қазақстан барысын» анықтауға жыл сайын өткізілетін іріктеу турнирі биыл да өткізілді. Өңірдегі барлық аудандар мен қалалардан жарысқа барлығы 137 палуан қатысты.

«Маңғыстау барыстары» «Қазақстан барысына» жолдама алды

7 салмақ дәрежесі бойынша жас ерекшеліктері 95-96 жылдары туылған жасөспірімдер мен 93-94 жылдары туылған жастардан жеңіске жеткендер  Талдықорғанда өтетін «Жас барыста»  өңір намысын қорғамақ.

Ал «Маңғыстау барысы» атанған түйе палуандар қыркүйек айының 24-інде өтетін «Қазақстан барысына» даярлануда.

Жыл сайын өткізілетін сайыс мақсаты - қазақ спортын жоғары деңгейге көтеру, қазақстандық палуандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ұлттық дәстүрді жаңғырту арқылы өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіш қасиетті дамыту.

Жарыста  Маңғыстау облысындағы  5 аудан мен 2 қаладан қатысқан палуандар өте жақсы өнер көрсетті

Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Нұрлан Жайлімовтың айтуынша, сайыстағы  ең қызықты сәт - түйе палуандардың боз кілемде айқасқаны болды.

Күрестің бұл шартына  18 түйе палуан қатысты. Осы 18 палуанның ішінен  қыркүйек айында өтетін «Қазақстан барысына» Маңғыстаудың атынан баратын 2 палуан анықталды.  Олар - Абызов Бақдәулет пен Ержанов Күнәлем. Бұл екеуі ақтық финалға шықты.

«Сайыс қорытындысында Бақдәулен айласын асырып жеңіске жетті. Күз айында өтетін ҚР Президентінің жүлдесі үшін болатын «Қазақстан барысына» бұл екі спортшының екеуі де аттанатын болады», - дейді  Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Н. Жайлімов.