Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Маңғыстау облыстық ауруханасында 4 ай ішінде 400-ден аса ота жасалған

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық ауруханасында 4 ай бұрын ашылған «Г» блогының хирургтары ота жасау барысында ультрадыбыстық скалпель қолдануды бастады. Скалпель асқазан жолы мен басқа да іш құрылысына ота жасау кезінде қолданылады.

Маңғыстау облыстық ауруханасында 4 ай ішінде 400-ден аса ота жасалған

Маңғыстау облыстық аурухананың директоры Нұрлан Тілеповтің айтуынша, қазіргі кезде дәрігерлер жаңа құрылғыларды пайдалана отырып, асқазан мен өңеш, сондай-ақ жүрек-қан тамырларына ота жасауда. «Сонымен бірге ауруханада тізе буындарын эндопртездеу операциялары сәтті жүргізілуде», - дейді ол.

4 ай ішінде аурухананың жаңа блогы 400-ден астам ота жасап шыққан.