Маңғыстау облысы елордаға балықтың бағалы түрлерін, соның ішінде бекіре тұқымдастарын әкелді - облыс әкімі

соның ішінде бекіре тұқымды балықтарды әкелді. Бұл туралы бүгін Астана қаласының Орталық алаңында өтіп жатқан ауылшаруашылық жәрмеңкесінің ашылуында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев мәлім етті.
«Бүгінгі жәрмеңкеге өзіміздің ең басты байлығымызды - бағалы балықтардың бірнеше түрлерін әкелдік, соның ішінде бекіре тұқымдас балықтар да бар. Мұнда ұсынған тағы бір байлығымыз - бұл атақты маңғыстаулық шұбат. Сонымен қатар біз елорда базарларында кездесе бермейтін түйе етін жеткізіп отырмыз. Жалпы аталған жәрмеңкеге Маңғыстау өңірінен құны 50 млн. теңге болатын 60 тонна азық-түлік әкелінді», - дейді А.Айдарбаев.
Айта кетейік, бүгін Астана қаласының Орталық алаңында Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкелері ашылды. Ақтөбе облысынан жәрмеңкеге 12 ауданның және Ақтөбе қаласының кәсіпкерлері қатысуда. Олар Астанаға 130 тонна өнім жеткізді, оның ішінде 50 тонна ет, 12 тонна балық, 35 тонна картоп пен көкөніс, 2 тонна сүт тағамдары, 5 тонна өсімдік майы, 3 тонна шұжық өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа және 20 тонна басқа да өнімдер бар.