Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Маңғыстау облысында 2012 жылы білім саласында 6 қылмыстық іс қозғалды

АҚТАУ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылы қаржы полицейлері Маңғыстау облысының білім саласында 6 қылмыстық іс қозғады. Айта кетейік, 2011 жылы бұл көрсеткіш 8 болған еді.

Маңғыстау облысында 2012 жылы білім саласында 6 қылмыстық іс қозғалды

Жуырда Маңғыстау облысы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлерімен Жетібай кентіндегі №4 орта мектептің директоры Ақмолдина А. және аталмыш мектептің бухгалтері Нұржанова К. пара алуда ұсталды.

Ескере кеткен жөн, 2012 жылы аталмыш департамент жемқорлыққа қатысты 70 қылмысты анықтады.