Маңғыстау облысында 84 адам ЖҚТБ ауруы бойынша тіркеуде тұр
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
МО ЖҚТБ ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Тасболатова Ақнұр Қанайқызының айтуынша, ғасыр дерті саналған бұл ауру көрсеткішінен республика бойынша Маңғыстау соңғы орындарда.
Маңғыстау облыстық ЖҚТБ ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының қызметкерлері бүгін Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде болып, студенттерге спид ауруынан сақтану және алдын алу шаралары жайында дөңгелек үстел өткізді.
Маңғыстау облыстық ЖҚТБ ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығына биыл 20 жыл толып отыр.
Аталмыш мекеме облыстағы мектептер мен жоғары оқу орындарына, колледждерде жасөспірімдер мен студенттерге тұрақты түрде кеңес беріп тұрады.
«Маңғыстау облысы бойынша биыл 84 адам ЖҚТБ ауруы бойынша тіркеуде тұр. Оның 34 пайызы - жыныстық жолмен жұқтырылғандар, 44 пайызы - есірткілік заттарды тамыр арқылы егуден,1 пайызы анадан балаға жұғу арқылы болып отыр», дейді Ақнұр Тасболатова.