Маңғыстау облысында әкім пара алды деген күдікпен ұсталды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 31 наурызда жеке кәсіпкерге қосымша жер телімін беру туралы шешім шығарғаны үшін сомасы 500 мың теңге пара алды деген күдікпен Маңғыстау облысының Өмірзақ ауылының әкімі Абдолла Мұғалов ұсталды. Бұл ауыл аумақ бойынша Ақтау қаласына қарайды.
«Сол күні ауыл әкімі А. Мұғаловқа қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ағымдағы жылғы 2 сәуірде ол сот санкциясымен тұтқынға алынды», - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша қаржы полициясының баспасөз қызметінің қызметкері Нұргүл Мұқатай. Қылмыстық іс тергелу үстінде.