Маңғыстау облысында атом электр стансысының құрылысын салу бойынша Ресеймен бірлескен кәсіпорын құрылды

АСТАНА. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Маңғыстау облысында атом электр стансысының құрылысын салу бойынша Ресеймен бірлескен кәсіпорын құрылды. Бүгін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде бұл туралы Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Мәжит Шәріпов айтты.

Маңғыстау облысында атом электр стансысының құрылысын салу бойынша Ресеймен бірлескен кәсіпорын құрылды

«Қазіргі таңда еліміздегі атом энергетикасын дамыту жөнінде дайындық жұмыстары жүргізілуде, Маңғыстау облысында атом электр стансысының құрылысын салу жөніндегі мәселе пысықталуда. Қазірдің өзінде Ресеймен бірлесіп атом стансысын жобалу жөніндегі бірлескен кәсіпорын құрылды. Ақтау қаласында атом электр стансысының құрылысын салу жөніндегі жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді», деді алқада М. Шәріпов.

Сонымен қатар, М. Шәріпов Ресеймен бірлесіп БВР-300 и Атом электр стансысы реакторлық қондырғысын жобалау бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімнің жобасы дайындалғанын атап көрсетті. «Сонымен қатар, перспективада Ұлттық ядролық орталықпен басқа да өңірлерде атом электр стансыларының құрылысын салу негіздемесі бойынша техникалық-экономикалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Түрлі алаңдар қарастырылып, оның бесеуі таңдалды», деді ол.