11:53, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Маңғыстау облысында боранда жоғалып кеткен 11 адам іздестірілуде
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында боран кезінде адасып кеткен 11 адам іздестірілуде,

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның мәліметтері бойынша, Бейнеу ауданындағы Бейнеу ауылынан қаңтардың 5-і күні сағат 14.00-те көлікке мінген 11 адам Ноғайты және Тұрыш ауылдарына қарай жолға шыққан, олардың ішінде үш бала бар. Ауа райының нашарлауына - қалың қар жауып, күннің суытуына байланысты олар үйлеріне жете алмаған.
Іздеу жұмыстарына 13 адам мен 4 техника жұмылдырылып отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, сондай-ақ кеше сағат 23-00-тен бастап Бейнеу ауданынан Атырау облысы және Ақтау бағытына қарай шығатын жолдар жабылды.