Маңғыстау облысында І жартыжылдықта 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

АСТАНА.  Шілденің  10-ы. ҚазАқпарат - Бүгінгі дағдарыс уақытында тұрғындардың әлеуметтік  әлсіз топтарына баса назар аударылуда. Ағымдағы жылдың І   жартыжылдығында заңмен белгіленген әлеуметтік төлемақылардан басқа, облыстық бюджет қаражаты есебінен 18 түрлі қосымша әлеуметтік көмектің  берілуі    жалғасты.

Маңғыстау  облысында  І  жартыжылдықта 11 мыңнан  астам жұмыс орны   құрылды

 Жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандырудың қосымша шаралары қабылданды. Биыл жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға және қайта мамандандыруға, қоғамдық жұмыстарға бөлінетін бюджет қаражаты 2 есе ұлғайтылды. Өңір кәсіпорындарымен өндірістік үдерістерді тұрақтандыру және жұмысшылардың  еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі 203 меморандумға қол қойылды.

 Сөйтіп, бірінші жартыжылдықта 11300 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл - өткен жылдың алғашқы жартысымен салыстырғанда 2 есе артық.

 Қабылданып жатқан шаралар арқасында 2009 жылдың І тоқсанында экономикада еңбекпен қамтылғандар қатары 192,6 мың адамға жетті. Тіркелген жұмыссыздық көлемі 0,8 пайыз  көлемінде сақталып тұр.