08:16, 03 Маусым 2013 | GMT +5
Маңғыстау облысында ірі көлемдегі есірткімен Түркіменстан азаматы ұсталды
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің контрабандаға қарсы күрес қызметкерлері «Темір-баба» кеден бекеті қызметкерлерімен бірлесіп

қызметтік итті қолданумен жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде 1965 жылы туған Түркіменстан Республикасының азаматын ұстады. Оның киімінің ішкі жағынан салмағы 175,83 грамм болатын марихуана есірткі заты табылып, алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 250-ші бабы, 2-ші бөлігінің «Д» тармағымен (есірткі заттарының ірі мөлшердегі контрабандасы) қылмыстық іс қозғалып, азамат қамауға алынды.