12:29, 28 Мамыр 2013 | GMT +5
Маңғыстау облысында «Қазақтелеком» АҚ «Жастелеком» жастар ұйымын құрды
АҚТАУ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ-ның Маңғыстау облыстық телекоммуникациялар дирекциясында компанияның дарынды жас қызметкерлерін, болашақ көшбасшыларды анықтау әрі қолдау мақсатында «Жастелеком» жастар ұйымы құрылды.

«Біздің жастар ұйымының 10 адамнан тұратын өңірлік тобы құрылып, жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Топ жиналысқа әзірлену үстінде, онда жұмыстың жоспары қабылданады. Жастелекомдықтардың бойында көшбасшылық қабілеттер байқалу үшін кез келген жас қызметкерлерге жұмыс орнында басшы ретінде қызмет етуге мүмкіндік беріледі», - дейді «Жастелеком» жастар ұйымының жетекшісі Нұрбол Оқуов.