Маңғыстау облысында нөсер жауынның салдарынан үйлерді су басып қалды

АСТАНА.  Қыркүйектің   28-і. ҚазАқпарат - Жексенбі күні   Маңғыстау  облысының Форт-Шевченко   қаласында нөсер жауынның салдарынан  24 жекеменшік   және 6  екіқабатты  үйлерді су басып қалды,

Маңғыстау   облысында  нөсер жауынның салдарынан  үйлерді су басып   қалды

деп   хабарлайды  Төтенше жағдайлар министрлігінен. 

Ведомствоның ақпараты  бойынша,  үйлердің  тұрғындары жедел көшірілді.  «Екі  отбасы (11 адам)    «Құлыншақ»  балабақшасына,   24 отбасы (117 адам) - туыстары  мен  жақындарының  үйлеріне      жайғастырылды.    Ыстық тамақ жеткізіліп, медициналық көмек ұйымдастырылды»,  - деп    хабарлайды       төтенше жағдайлар  ведомствосынан.

Әкімшілік    ғимараттарға ешқандай   зақым  келмеген.   Төтенше оқиғаның  салдарын жоюға  106 адам мен 60 техника жұмылдырылып  отыр.