Маңғыстау облысында өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді шаралары жүзеге асырылуда

АҚТАУ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі азық-түлік тауарларының 85 пайызының сырттан келуіне тікелей байланысты. Кеше облыс әкімдігінде өткен жиында ҚР Премьер-Министріне облыс әкімі Қ.Көшербаев осы бағытта атқарылып жатқан шараларды таныстырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Осы мақсатта құрылған мемлекеттік «Берекет» сауда-саттық кәсіпорыны іргелес облыстар және мемлекеттермен өңірге негізгі азық-түліктің 18 түрін жеткізу меморандумдары мерзімін ұзарту бағытында жұмыс атқаруда. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру бағытында да жұмыс жүріп жатыр. Соның ішінде жеміс пен бақша дақылдарына арналған егістіктерді 2 есе (526-дан 1050 гектарға дейін) ұлғайту жоспарланды. Мал және балық шаруашылығын дамытуға қажетті қолдау көрсетілуде», деді облыс әкімі. Азық-түлік корпорациясы, Қазақстанның Астық одағы және жергілікті нан шығарушылар арасындағы өзара меморандум да іске асырылуда. Оған сәйкес облысқа ай сайын киләсінің құны 60 теңгеден аспайтын 1500 тонна ұн жеткізуге және бірінші сортты нан бағасын 55 теңгеден асырмауға жағдай жасауда. Бүгінде облыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті үш айлық қор жинақталған. Өнім «Берекет» кәсіпорынының 60 сауда нүктесі арқылы нарықтағыдан 20 пайыз төмен бағамен сатылуда. «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-мен бірлесе отырып, сыйымдылығы жылына 30 мың тонна құрайтын жеміс пен 11 мың тонна ет және балыққа арналған жеміс-көкөніс терминалының құрылысы, сондай-ақ «Каспий» әлеуметік-кәсіпкерлік корпорациясы» мен «Қазагро» холдингі бірлесіп қаржыландыратын диірмен кешенінің құрылысына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда, соңғы аталған жобаларға қаражат бөлу мәселесі әлі шешіле қойған жоқ», деді Қ.Көшербаев.
Соңғы жаңалықтар