Маңғыстау облысында тұмау басталды

АҚТАУ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Облыс эпидемиологтары облыста тұмау маусымы басталғанын мәлімдеді. Соңғы бір аптада тұмауға шалдыққан 919 адам тіркелген. Оның 70 пайызы балалар,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне сілтеме жасап.Зертханадан тексеруден өткен 125 адамның 26-сына тұмау ауруының диагнозы қойылған. Ақтау қаласы бойынша қазір тұмау белгісі бар 441 адам тіркелді. «Өткен жылы осы кезеңде облыста тұмау тиіп, 2277 адам тіркелген болатын. Биылғы көрсеткіш бойынша ауру 2,5 есеге азайған. Бұл тұмаудың алдын-алу мақсатында былтырғы қазан айында жүргізілген егу шараларының нәтижесі. Ал осы жылы тұмау маусымы ақпанның 6-сында басталды. Ол әлі де 3-4 аптаға дейін жалғасады. Сондықтан аурудың алдын алу және болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстар күшейтілді», - дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің қызметкері Марал Қадыр.
Соңғы жаңалықтар