Маңғыстау облысында жол апатынан 1 бала мерт болып, 3 бала ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 тамыз күні кешкі сағат 20.20 шамасында Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданының Баянды кенті маңында тас жолда жол апаты орын алды.

Маңғыстау облысында жол апатынан 1 бала мерт болып, 3 бала ауруханаға түсті

Opel Vectra және Chevrolet Cobalt көліктерінің қақтығысуы салдарынан алты адам зардап шекті, олардың төртеуі - балалар, деп хабарлайды lada.kz.

Бір бала оқиға орнында көз жұмды. 9 жасар ұл бала мен 7 жасара қыз бала жансақтау бөліміне жеткізілді. Тағы бір бүлдіршін травматология бөліміне жатқызылды. Облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Мұсақановтың айтуынша, балалар көптеген жарақаттар алған. - Мұнда балалар кешкі сағат тоғыздар шамасында жеткізілді. Олардың өкпелері зақымданған, бас сүйектері ауыр жарақаттанған. Ұл баланы травматология бөліміне ауыстырдық, қыз бала әзірге жансақтау бөлімінде, - деді ол. Әзірге апатқа кінәлілер аталмады. Тану жұмыстары жүргізілуде.