Маңғыстау облысында жыл басынан бері 2,5 мың адам жұмыспен қамтылды

Сондай-ақ онда жыл басынан бері 292 адам ағымдағы босаған жұмыс орындарына тұрған, 43 адам әлеуеметтік жұмыс орындарымен қамтылған.
«Жоғары орта білім беретін ұйымдардың 455 түлегі жастар тәжірибесі негізінде құрылған жұмыс орындарына жіберіліп, олардың айлық жалақылары республикалық және жергілікті бюджет есебінен төленуде. Өткен аптаның өзінде 33 адам жұмыспен қамтылды. 817 жұмыссыз қоғамдық ақылы жұмыстарға жебірілді, наурыз айының басынан бері мұндай тәсілмен 99 адам жұмысқа тұрған»,-делінген хабарламада.
Бұған қоса, облыста 2015 жылы тұрғындарды жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бекітіліп, ол 7 мың 38 жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарға қолғабыс ететін болады. Осылайша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының аясындағы шаралармен 534 адам қамтылып, оның 50 пайызын әйелдер құрап отыр. Сонымен қатар, 2015 жылы жұмыспен қамтудың жол картасына бөлінетін мақсатты трансферттердің көлемі анықталып, ол 1001 миллион теңгені құрады.