Маңғыстау облысындағы қаржы полициясының 27 қызметкері кезектен тыс аттестациядан өте алмады
АҚТАУ. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы қаржы полициясының 27 қызметкері кезектен тыс аттестациядан өте алмады.
Оны экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) 100-ге жуық қызметкері тапсырған.
Аттестатталушылар психологиялық тестілеу, ҚР заңнамасы бойынша білімдерін тексеретін тестілеуден және логикалық ойлау, денешынықтыру және жауынгерлік дайындық бойынша нормативтерден өтті, аттестаттау комиссияларында әңгімелесуден өтті.
«Аттестаттау қорытындылары бойынша 13 қызмектер қызметтеріне сәйкес деп танылып, кадрлық қорға есепке алыну немесе жоғары қызметтерге алынуға кеңес етілді, 54 қызмектер қызметтеріне лайық деп танылды, 14-і қызметтеріне сәйкес емес деп танылып, қызметте төмендетілуге ұсынылды, 7 адам сәйкес келмей, басқа қызметке ауыстыруға кеңес етілді. Атқарып отырған қызметтеріне сәйкес емес деп танылған тағы 6 қызметкер қаржы полициясы органдарынан жұмыстан шығарылуға ұсынылды», - деді брифинг барысында Маңғыстау облыстық қаржы полициясының кадрлық қызмет бастығы Қайрат Зұлпықаров.