Маңғыстау облысындағы «Өзенмұнайгазда» қалыптасқан төтенше жағдай жойылды - ТЖМ
АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» 1-ші Мұнай-газ өндіру басқармасы» ЖШС-да орын алған төтенше жағдай жойылды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.
Бұған дейін хабарланғандай, шілденің 16-сы күні кешқұрым, ұңғыманың колоннасында жарық пайда болып, сыртқа газ шыға бастады. Абырой болғанда, өрт орын алған жоқ. Құтқарушылардың мәліметінше, құрбандар мен зардап шеккендер де жоқ.
«Шілденің 21-і күнгі 12 сағат 10 минуттағы жағдай бойынша, ұңғыма жабылып, төтенше жағдай жойылды», деп анықтады ТЖМ-нан.