03:17, 29 Наурыз 2015 | GMT +5
Маңғыстау облысының 3 мыңдай тұрғыны Ақтау қаласында өткен шараға қатысты (ФОТО)
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтау қаласында Маңғыстау облысының жастары «Қазақстан - 2050» қозғалысы аясында «Біз дауыс береміз!» атты шеруді ұйымдастырып, қазақстандықтарды өздерінің азаматтық парыздарын орындап, сайлауда белсенділік танытуға шақырды.

Шараға Ақтау қаласының студенттері мен мамандандырылған орта білім ошақтарының тәлімгерлері, облыстағы ірі кәсіпорындардың жас мамандар кеңесі атсалысты.
3 мың адамнан тұратын қатысушылар легі Ақтау қаласының орталығынан «Маңғыстау жастары - сайлауды қолдайды!», «Жаңа сайлау - жаңа серпін!», «Біз дауыс береміз!» ұрандарымен теңіз жағалауына дейінгі аралықты жүріп өтті. Олар осылайша жастарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды.