Маңғыстау облысының әкімі мен мемлекеттік органдардың басшылары партаға отырды (ФОТО)

Оның пікірінше, кеңес жекеменшік сектормен даму болашағы мен көкейкесті мәселелерді талқылау, сондай-ақ жаңа көлемді жобаларды іске қосу алаңына айналуы тиіс.
Бүгін Ақтау қаласында екі күндік оқыту семинары басталды, оның аясында жергілікті атқарушы органдар мен аймақ басқармаларының басшылары, аталған кеңестің қатысушылары тиімді топтық жұмыс пен стратегиялық жоспарлаудың негізгі тетіктерін үйренеді.
«МЭК - қазіргі экономикалық және әлеуметтік даму проблемаларына жауабымыз. Біз аталған кеңестің қатысушылары болып табыламыз. Бұл Кеңестің тиімділігі біздің бірлесіп істеген жұмысымызға байланысты. Сондықтан Маңғыстау экономикалық кеңесін дамытуды қолдау үшін бірқатар семинарлар өткізу шешімі қабылданды. Кеңес жұмысында қолданылатын негізгі бағыттар мен тетіктерді бірлесіп үйренеміз, бұл - тиімді үдерістердің тәжірибелік әдістемелері, командалық жұмыс, жобаларды басқару және оларды талдау. Болашақта ол бізге бір команда ретінде жұмыс істеуге көмектесетініне сенімдімін», - деп атап өтті оқыту семинарының жұмысына қатысып жүрген Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
Айта кетсек, Кеңес жұмысына кәсіпкерлер қатысады.