14:51, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
Маңғыстау облысының ортақ сыртқы сауда айналымы бір айда 472 млн. 862,2 мың АҚШ долларын құрады
АҚТАУ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Маңғыстау облысының ортақ сыртқы сауда айналымы бүгінгі күнге 472 млн. 862,2 мың АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,2 пайызға төмен,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жылдың басынан аймаққа сырттан әкелінген тауар және көлік құралдары 130 млн. 622,7 мың АҚШ доллары сомасында, ССА ортақ көлемінен импорттың үлесі 27,6 пайызды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,0 пайызға аз. Облыстан сыртқа шығарылған өнім 342 млн. 239,5 мың АҚШ долларын құрап, ССА ортақ көлемінде экспорттың үлесі 72,4 пайыз болды. Және бұл өткен жылға қарағанда 45,4 пайызға төмендеген. 2009 жылдың басынан кедендік төлемдер мен салықтар түсімі 2 млрд. 283 млн. 618,6 мың теңгеге жетті. 2008 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда, түсімнің 13,1 пайызға азаюы байқалады.