Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Маңғыстау облысының педагогтары тамыз конференциясында білім сапасының мәселелерін талқылады

  АҚТАУ. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтауда Маңғыстау облысы білім қызметкерлерінің тамыз конференциясы болып өтті.

Маңғыстау облысының педагогтары тамыз конференциясында білім сапасының мәселелерін талқылады

Білім саласының мәселелері 23 секцияда талқыланған «Білім жүйесін жаңғырту - адами капитал өсімінің басты бағыты» тақырыбында өткен кеңес жұмысына 400-ге жуық адам қатысты, соның ішінде ҚР Білім және ғылым миинстрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті басқармасының бастығы Артур Еділханов та болды.

«Ведомствомыздың негізгі күштері жергілікті жерлердегі білім сапасын арттырумен байланысты. Жақында болып өткен ҰБТ-дің қорытындылары өкінішке қарай үмітімізді ақтамады. Бұл бағытта жұмыс жүргізіледі», - деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының бастығы Динара Жұмашева.

Шара барысында екі педагог «Ыбырай Алтынсарин» белгісінің иегерлері болды, 12 адамға ҚР БҒМ-нің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары берілді, 20 педагогқа Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары табысталды. Тағы сегіз мұғалімді «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының өкілі марапаттады. Облыстың сегіз мекемесіне оқу жылының қорытындылары бойынша түрлі аталымдар берілді.