Маңғыстау облысының жолдарында 3 күн ішінде 1684 заңбұзушылық тіркелді

АҚТАУ. 3 маусым. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасының үш күні ішінде 1684 заңбұшылық әшкереленді.
None
None

Шараға 117 жол сақшысы және ішкі істер органдарының басқа қызметтерінен 69 адам жұмылдырылды. Оның ішінде 31-і - учаскелік инспекторлар.

Облыс аумағында жұмыстың нәтижелілігіне қол жеткізу мақсатында кезекшілік жүргізудің 45 қосыны мен бағдары құрылды, жергілікті маңызы бар және ауылдық жерлердегі жолдарда 10 рейд ұйымдастырылды. Шара аясында 359 шақырым жол қамтылып, облыстық маңыздағы жолдар бойынша 13 зерттеу жүргізілді. Оның қорытындысына сәйкес 12 нұсқама беріліп, жол жабынын тиісінше сақтамаған 3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аудандық маңыздағы 310 шақырым жолға 17 тексеру жүргізу нәтижесінде де аталмыш олқылықтарға жол берген шенеуніктер назарға ілікті.

Жедел алдын алу шарасы барысында облыста 9 жол-көлік апаты тіркеліп, оның салдарынан 2 адам қаза тауып, 10-ы түрлі деңгейде жарақаттанған.

Соңғы жаңалықтар