Маңғыстау облысының жыл басынан бергі сыртқы сауда айналымы 1 502 174,5 мың АҚШ долларын құрады
АҚТАУ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Маңғыстау облысының ортақ сыртқы сауда айналымы (ССА) бүгінгі күнге 1 млрд. 502 млн. 174,5 мың АҚШ долларын құрады.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,0 пайызға төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіне сілтеме жасап. Жыл басынан аймаққа сырттан әкелінген тауар және көлік құралдары 431 млн. 995,5 мың АҚШ долларын құрап, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 6,0 пайызға өсті. Облыстан сыртқа шығарылған өнім 1 млрд. 58 млн. 179,0 мың АҚШ долларын құрайды, ССА ортақ көлемінде экспорттың үлесі 70,4 пайыз, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда экспорт 46,2 пайызға төмендеген. Ағымдағы жылдың үш айында кедендік төлемдер мен салықтар түсімі 7 млрд. 294 млн. 96,7 мың теңге болды. Бұл 2008 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 8,8 пайызға аз.